Өз өмірің өз қолыңда
Здоровье   26.06.2020   4377
Халық арасында «тәж тажалы» атанып кеткен кеселдің кесірі дүниежүзін дүрліктіріп тұр. Әлем ғалымдары вакцина ойлап табудың қамында. Ал, қарапайым халық ғаламторды шарлаған түрлі «ем-домдарға» бас қатырып, коронавирустан құлан-таза айығып кетудің, тіптен оны жұқтырмаудың сан салалы жолы бар екен деп әлек.
Осы орайда, індеттің елімізде таралуы және Covid-19 инфекциясымен күрес бойынша қандай жұмыстар қолға алынғаны жөнінде Текелі қалалық инфекциялық аурулар бөлімінің меңгерушісі Ғабит Иниятовтан біліп қайттық.